Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның үшінші отырысында Магеррам Магеррамов Қазақстан Халық партиясының Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсыныстарын талқылауға белсенді қатысып жатқанын және Ата заңға өзгерістер енгізу тарихи маңызды процесс деп санайтынын атап өтті.Ол елді жаңартудың негізгі элементтерінің бірі – пропорционалды негізде құрылатын бір палаталы парламент құру жөніндегі ұсыныс екенін айтты. Партияның пікірінше, бұл ұсыныс саяси дискуссияны жандандырып, партиялардың мемлекеттік саясатқа әсерін күшейтуге мүмкіндік береді.«Бір палаталы парламентте пропорционалды сайлау жүйесі...
Конституциялық реформа аясында қабылданып жатқан әрбір норма болашақ ұрпақтың еркін де әділетті қоғамда өмір сүруіне тікелей әсер етеді. Бұл пікірді Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев Конституциялық реформа комиссиясының үшінші отырысында айтты. Депутат конституциялық реформа арқылы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының заңды іргетасын қаланып жатқанын атап өтті. «Тарихқа үңілсек, бабаларымыз «Жеті жарғыны» қабылдағанда да, Күлтөбенің басында күнде кеңес құрғанда да, басты мақсат – елдің тұтастығы мен әділдігі болған. Бүгінгі бі...
Қазақстандағы конституциялық реформа мемлекетті халыққа жақындатып, мемлекеттік институттардың жұмыс тиімділігін арттыратын болады. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның үшінші отырысында депутат Асхат Рахимжанов мәлімдеді.Оның айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер мәтінді ғана жаңғыртумен шектелмейді. Әңгіме билік ашық әрі қоғам алдында есеп беретін, ал институттар жедел әрі әділетті жұмыс істейтін жаңа мемлекеттік архитектура туралы болып отыр. Ерекше назар жаңа парламенттік модельге көшуге, бір палаталы өкілді орган қалыптастыруға және кері байланыстың орнықты тетіктерін қ...
Партиялық тізімдер бойынша депутаттарды сайлауға көшу парламентаризмнің халықаралық тәжірибесін көрсетеді – «Ақ жол» партиясының көшбасшысы Азат Перуашев: Конституциялық реформа – бұл бүкіл саяси жүйені терең қайта жаңғырту Пропорционалды жүйе бойынша сайланатын бір палаталы Парламентке көшу Қазақстанның саяси жүйесін дамытудың қисынды жалғасы болып табылады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның үшінші отырысында мәлімдеді. Ол өзінің саяси процестерге қатысу тәжірибесі негізінде «Ақ жол» демократиялық партиясы Мемлекет Басшысының бір палаталы...